Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында, «Қызылжар» футбол клубының инвесторы ретінде кәсіпкер Сергей Кан анықталды.
Клубты тиімді дамыту және басқару жүйесін жаңғырту мақсатында инвестор жаңа заңды тұлға – «QYZYLJAR» футбол клубы» жеке мекемесін тіркеді.
Барлық жарыстарға қатысу құқығы сақталып, петропавлдық ұжым бұрынғыдай қызыл-қара түсте өнер көрсетеді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен клубты бірлесіп қаржыландыру туралы келісім де жасалды.
Бұдан бөлек, Петропавл қаласындағы «Қарасай» стадионын клубтың сенімгерлік басқаруына беру жоспарланып отыр.
