TENBILDOP
Әлем ЧемпионатыЖаңалықтарҰлттық құрама

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы !Ч-2026 іріктеу кезеңінде үздік футболшылардың бірі атанды

Whoscored.com аналитикалық порталы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің төртінші турының қорытындысы бойынша J тобының символикалық құрамасын жариялады, деп хабарлайды Tenbildop.kz.

Өткен турдың үздік ойыншыларының қатарына Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп енді. Ол 7,6 ұпай жинап, символикалық құраманың ең жоғары көрсеткіштерінің біріне ие болды. Әліптен бөлек бұл құрамға Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку (7,6 ұпай), бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брюйне (8,5 ұпай), сондай-ақ Қазақстан қақпасына жалғыз гол соққан Солтүстік Македония ойыншысы Александр Трайковски (7,4 ұпай) кірді.

9 маусым күні Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің аясында өткен үй матчында Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен жеңілді.

Тағы да оқыңыз