Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында алматылық «Қайрат» Талдықорғанда жергілікті «Жетісуға» қарсы ойнап, кездесу 2:2 есебімен аяқталды.
Алғаш болып 19-минутта «Жетісу» шабуылшысы Максим Ковель есеп ашты. Одан кейін 36-минутта «Қайрат» сапынан Жоржиньо таразы басын теңестірді. Екінші таймда Ринат Серікқұл талдықорғандық ұжымды қайтадан алға шығарғанымен, 51-минутта Егор Сорокин есепті қайта теңестірді.
Осылайша, матч тең нәтижемен аяқталып, екі команда бір ұпайдан еншіледі.
Айта кетейік, биыл чемпиондықты мақсат тұтқан «Қайрат» соңғы төрт ойында небәрі бір ғана жеңіске қол жеткізген.
Одан өзге матчтар:
• «Атырау» өз алаңында «Ұлытаудан» 0:1 есебімен ұтылып қалды.
• «Қызылжар» мен «Ақтөбе» кездесуі 0:0 есебімен аяқталды.
• «Тұран» мен «Жеңіс» арасындағы ойында 0:2 есебімен алаң иелері жеңіліске ұшырады.
15 маусымда:
• 18:00 – «Астана» vs «Оқжетпес»
• 20:00 – «Ордабасы» vs «Елімай»
• 20:00 – «Қайсар» vs «Тобыл»
