«Ривер Плейт» клубтың ресми сайтында Франко Мастантуононың мадридтік «Реал» сапына ауысқанын ресми тұрде жариялады, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты. «Корольдік клуб» 17-жастағы фуболшы үшін 17 млн еуро өтемақы төледі. Футболшы испандық 13 шілдеден кейін, клубтар арасындағы Әлем Чемпионаты аяқталғанда келіп қосылады.
«Франко, талантың және еңбекқорлығың үшін көп рақмет. Біздің қатарымызда жүріп, өскенің және алдағы жетістіктерің біз үшін мақтаныш. Алдағы, мансабыңның жаңа бөлшегіне сәттілік тілейміз», — деп жазды, аргентиналық клубтың баспасөз-қызметі.
Мастантуоно «Ривер Плейт» үшін 61 кездесу өткізді. Аргентиналық футболшы 10 гол соқты және жеті нәтижелі пас шығарды.
