«Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Флик жарақат алған ойыншылардың алаңға қашан оралатыны туралы пікір білдірді.
Жексенбі күні «блауграна» бірнеше негізгі ойыншыларсыз-ақ «Сельтаны» 4:2 есебімен жеңді. Кездесуде Роберт Левандовски хет-трик жасап, тағы бір голды Ламин Ямаль соқты.
«Ойымша, Рафинья мен Жоан Гарсия келесі матчқа дейін қатарға қосылады. Мүмкін, Педри де сол кезде оралар – көреміз», – деді.
Айта кетейік, Рафинья мен қақпашы Жоан Гарсия қыркүйек айының соңынан бері жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Ал Педри қазан айының соңында өткен «Эль Класикодан» кейін ойыннан шет қалған болатын.
Каталондықтар келесі кездесуін 22 қараша күні өз алаңында «Атлетик» Бильбаоға қарсы өткізеді.
