«Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Рио Фердинанд «қызыл жындар» келесі маусымда алдына қандай мақсат қоюы керек екенін айтты, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.
«Егер маусымды 15-орында аяқтасаң, «МЮ» жағдайында кем дегенде үздік сегіздікке, тіпті үздік алты құрамға енуге ұмтылу керек. Клуб бұдан артықты армандамауы тиіс.
Мұны сіздерге Премьер-лигада «Манчестер Юнайтедпен» тек чемпион болуды ғана армандаған адам айтып отыр. Бұл – айтарлықтай деңгей түсу», — деп келтіреді Фердинандтың сөзін Mirror басылымы.
Өткен маусымда «Манчестер Юнайтед» Англия чемпионатының турнирлік кестесінде 15-орынға ие болды, сондай-ақ Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, онда «Тоттенхэмге» аз ғана есеппен есе жіберді.
