TENBILDOP
Жаңалықтар

«Феномен емес». Шетелдік маман Дастан Сатпаев туралы пікір білдірді

Жас футболшылармен жұмыс істейтін африкалық маман Юсуфа Диафоне Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен «Қайрат» клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаевтың физикалық мүмкіндіктерін бағалады, деп хабарлайды tenbildop.kz.

Маманның айтуынша, жас ойыншы өз жасына сай жақсы физикалық көрсеткіштерге ие болғанымен, ерекше феномен ретінде көзге

«Физикалық тұрғыдан ол онша феномен емес. U-17 әлем чемпионатында Сатпаевпен шамалас бой мен салмақтағы ойыншылар бар. Дегенмен, оның жасы үшін бұл өте жақсы деректер. Ең бастысы – алдағы жылдарды дұрыс пайдалану. 22–23 жасқа дейін өз әлеуетін толық ашуы керек»,— деді Диафоне INSPORT YouTube арнасына берген сұхбатында.

Өткен маусымда Дастан Сатпаев Қазақстан Премьер-лигасында «сары-қараларды» чемпиондық атағын қорғауға көмектесіп, турнирдің екінші мергені атанды — оның еншісінде 14 гол. Биыл ол алматылық клуб сапында Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, барлық жарыстарда 40 матч өткізіп, 18 гол және 8 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, келесі маусымда Лондонның атақты клубы Дастан Сатпаевты өз сапына қосады. «Қайрат» биыл ақпанда 17 жастағы талантының ағылшын командасына сатылғанын ресми түрде хабарлаған еді. Жаңа командасына ол 2026 жылдың тамызында, кәмелет жасына толған соң қосылады.

Тағы да оқыңыз