TENBILDOP
Әлем футболыЖаңалықтарЛа Лига

«Эспаньол» «Леганес» қақпашысы Дмитровичті өз қатарына тегін қосты. Келісімшарт 3 жылға жарамды

https://www.rcdespanyol.com/ca/
«Эспаньол» жаңа қақпашымен толықты, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.

Барселоналық клуб Марко Дмитровичті өз қатарына қосқанын ресми түрде жариялады. 33-жастағы футболшы «Леганестен» еркін агент ретінде ауысып, үш жылға келісімшартқа қол қойды.

Ла Лиганың ағымдағы маусымда сербиялық қақпашы 32 ойын өткізіп, 49 гол жіберді.

Осыған дейін «Эспаньол» сапынан Жоан Гарсия кеткен еді – ол 25 миллион еуроға «Барселона» сапына ауысты.

Тағы да оқыңыз