Павлодарлық «Ертіс» Бірінші лиганың турнирлік кестесінде 51 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасына оралуға жақын, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Бірінші лига бұрынғыдан өзгерек, командалардың деңгейі де, қарымы да басқаша. Бұрын-соңды Бірінші лигада бұндай бәсекелестік болған емес. Чемпионаттың соңы жақындаса да, жүлдеге үміткер командалардың қатары сиреген жоқ. Алайда ең басты үміткерлердің бірі – қаһарына мініп, қайта жаңғырған Павлодардың «Ертісі».

Әлеуетов шәкірттері Бірінші лига басталғалы бері 3 ойында ғана есе жіберген. Оның екеуі турнирлік кестеде көш бастап тұрған ақтаулық «Каспийге» қарсы болса, біреуі Вахид Масудовтың шәкірттері – өскемендік «Алтай». Айта кетейік, бұл үш команда арасында тартысты бәсекелестік бар, ұпай айырмасымен бір-бірін өкшелеп келе жатқан ұжымдар Премьер-лигаға шығуға асық.
Қазақстан футбол федерациясы енгізген өзгерістерге сүйенсек, «Ертіс» Премьер-лигаға шығып тұр. Алайда керекуліктердің мақсаты – ҚПЛ-ға шығып қана қоймай, Бірінші лиганың жеңімпазы атану.
Қазақстанның бес дүркін чемпионын алда төрт финал күтіп тұр. Алдымен сырт алаңда SD Family-мен кездесіп, кейін Павлодардың «Орталық» стадионында «Хан Тәңірімен» шеберлік байқасады. Маусымның ең маңызды ойыны Өскеменде өтеді. «Алтаймен» болған кездесуден кейін «Ертіс» маусымды сырт алаңда «Екібастұзға» қарсы керекулік дербимен аяқтайды.
