TENBILDOP
АПЛӘлем футболыЖаңалықтар

Эмилиано Мартинес «Манчестер Юнайтед» пен «Барселонаның» назарын аударды – DSports

Getty Images

«Астон Вилла» және Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинесге «Манчестер Юнайтед» пен «Барселона» қызығушылық танытты. Бұл туралы DSports аккаунты X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Қызыл сойқандар» мен «көк-қызылдар» қазірдің өзінде трансферлік ұсыныстарын жіберді. Ойыншының бағасы €25 миллион деп бағалануда. Футболшы 2020 жылдан бері Бирмингем командасында ойнап келеді, оның келісім шарты 2029 жылдың жазғы мерзіміне дейін жарамды.

Ойыншының осы маусымдағы 36 клубтық кездесуінде 8 рет қақпасын құрғақ сақтады, 95 сейв жасады және орта есеппен 70 минутта бір гол жібереді. Сонымен қатар, қақпашы бір пенальтиді тойтарды.

Ұлттық құрама деңгейінде Мартинес 2022 жылы Аргентина құрамасының құрамында әлем чемпионы атанды.

Тағы да оқыңыз