Палмердің дублі «Челсиді» әлем чемпионы етті – лондондықтар финалда ПСЖ-ны ойсырата жеңді
«Челси» Клубтық әлем чемпионатының финалында «Пари Сен-Жерменді» 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды.
Ойынның басты қаһарманы Коул Палмер болды. Жас шабуылшы бірінші таймда дубль авторы атанып, сол қапталда аса белсенді ойынымен ПСЖ қорғанысына көп қиындық тудырды. «Челсидің» барлық үш голы да сол қаптал арқылы жасалған шабуылдардың нәтижесінде соғылды.
Үшінші голды 43-минутта клубтың жаңа ойыншысы Жоау Педру соқты. Педрудің сенімді ойыны лондондықтардың финалдағы жеңісіне айтарлықтай үлес қосты.

Финалға дейін басты фаворит саналған ПСЖ бұл ойында өз деңгейін көрсете алмады. «Челси» сенімді әрі ұйымшыл ойынымен қарсыласын толық басымдықпен жеңіп, келесі маусымда да жүлде үшін күресуге дайын екенін дәлелдеді. Ал париждіктерге тәртіп пен физикалық дайындық тұрғысынан әлі де жұмыс істеу керек екені байқалды.
Айта кетейік, бұл екі команда бұған дейін сегіз рет кездескен, әзірге жеңістер саны бойынша ПСЖ алда – 3:2.
Финалға дейінгі жолдары да әсерлі болды: ПСЖ плей-офф кезеңінде «Интер Майамиді» (4:0), «Баварияны» (2:0) және «Реалды» (4:0) сенімді түрде жеңіп шықты. Ал «Челси» «Бенфиканы» (4:1), «Палмейрасты» (2:1) және «Флуминенсені» (2:0) жарыс жолынан ығыстырды.
Клубтық әлем чемпионатының финалы – 2025:
Челси – ПСЖ 3:0
Голдар: Палмер 17’, 34’, Жоау Педру 43’
