TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыЭксклюзив

Бірінші лигада соғылған пента-трик «Ертіске» жеңіс сыйлады

«Ертіс» Премьер-лигаға жақындай түсті. Еркебұлан Тұңғышбаев 10 минутта төрт гол соғып қарсыласқа мүмкіндік қалдырмады. Бірінші лиганың 23‑туры аясында «SD Family» мен павлодарлық «Ертіс» Қарағандыда кездесті. Ринат Алеуетов шәкірттері 2:7 есебімен басым түсіп, екінші орынды мықтап бекітті, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

Максим Федин 29‑минутта қаптал ауыстырған Ағымановқа рабонамен пас беріп, 19 жасар шабуылшы Курьян қорғаған қақпаның төменгі бұрышынан саңлау тапты — 1:0.

“Пентакомпиондардың” бұл голына «SD» жедел жауап қатты. 34‑минутта сол қанатты «шашып» тастаған 17 жасар Азамат Айтпакаев қорғаушылар арасынан тамаша пас беріп, «Ертіс» ойыншысы Нұралы Елемес автогол авторы атанды.

Қарымта шабуылға жедел шыққан «SD» есепті еселеді. Алтаевтың сол аяғымен шамамен 16 метрден бағыттаған соққысы Калмыковтың тоғыздығынан табылды — 2:1.

42-минутта Герасимовты қолынан тартып құлатқан «SD Family» ойыншысы Азамат Аманбайға қызыл қағаз көрсетіліп алаңнан қуылды. Осы жерде «Ертістің»  ойыны басталды. Керекуліктер екінші тайм бастала салысымен шабуылды үдетті, қосалқы құрамнан шыққан Еркебұлан Тұңғышбаев 2 минутта 2 гол соғып “Ертісті” алға шығарғаны сол еді. Тағы 90 секундтан кейін Тұңғышбаев баспен соққы жасап теңбілді төменгі бұрышқа аттандырды. — 4-2

59 минутта Әбинұр Нұрымбеттің алыстан бағыттаған соққысы қақпа торын сетінетіп жіберді. «Ертіс» үсті үстіне шабуылдап тағыда Тұңғышбаев гол соқты. 10 минутта покер авторы атанған Еркебұланның жойқын соққысы қақпа маңдайшасына тиіп барып тордан табылды. 86-минутта Тұңғышбаев бесінші голын соғып пента-трик рәсімдеді — 2:7. Осылайша Ринат Алеуетов шәкірттері сенімді жеңіске жетті.

Керекуліктер келесі турды өз алаңында «Хан Тәңіріне» қарсы өткізеді. Ал «SD Family» сырт алаңда «Екібастұзға» қонаққа барады.

Тағы да оқыңыз