«Манчестер Юнайтед» 33 жастағы қақпашы, «Барселона» капитаны Марк-Андре Тер Штегенге қызығушылық танытып отыр.
Дереккөздің мәліметінше, «қызыл сойқандар» қазіргі қақпашысы Андре Онананы алмастыру үшін бірнеше үміткерді қарастыруда, ал Тер Штеген – солардың ішінде ең ықтимал нұсқа. Алайда әзірге манкуниандық клуб неміс қақпашысына ресми ұсыныс жасаған жоқ. Сонымен қатар, Тер Штегенге «Барселонаның» болашақ жоспарына енбейтіні де алдын ала хабарланған.
Германия құрамасының қақпашысы Каталония клубының намысын 2014 жылдың жазынан бері қорғап келеді. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазы аяқталғанға дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтағы бағасы – 12 миллион еуро.
