Елордалық ұжым Еурокубок маусымы басталар тұста тағы бір трансфер жасады. Бұл жолғы таңдау Черногория құрамасының 28 жастағы вингері Дритон Цамайға түскен екен.
Тәжірибелі вингер Подгорицадағы «Будучност» академиясының түлегі. Бұған дейін Хорватиялық «Интер Запрешич», черноголиялық «Дечич», «Ловчен», «Искра» және венгриялық «Кишварда» ұжымдарында ойнаған.
Дритон Цамайдың соңғы клубы – Венгриялық «Кечкемет». Кечкеметтік ұжым сапында 16 ойынға қатысып, 5 гол және 1 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, черноголиялық шабуылшы «Астана» сапында 11-нөмірлі жейдеде өнер көрсететін болды.
