Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі жартылай қорғаушысы ресми түрде түркістандық ұжым сапын толықтырды. Бұл туралы, «Тұран» футбол клубының баспасөз орталығы хабарлады.
36 жастағы жартылай қорғаушы маусым басын көкшетаудық «Оқжетпес» сапында бастаған еді. Дегенмен клуб басшылығымен болған арадағы келіспеушілік Дарабаевтың командадан мерзімінен бұрын кетуіне алып келді. Маусым ортасына дейін «Оқжетпес» жейдесінде 12 рет жасыл алағ,а шығып, бір нәтижелі пас берді.
Ал жаңа командасымен маусым соңына дейін сақталатын келісім-шартқа қол қойды. Дарабаевтың нешінші нөмірлі жейдені иеленгені әзірге белгісіз. Түркістандық ұжым Қазақстан Премьер-лигасындағы келесі ойынын өз алаңында петропавлдық «Қызылжарға» қарсы өткізеді.
