Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны — Асхат Тағыберген халықаралық мансабын аяқтады, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.
2026 жылы өтетін Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінің 3-тур ойыны аясында өткен Қазақстан — Солтүстік Македония (0:1) кездесуінен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында Ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді. Асхат Тағыберген Ұлттық құрама сапында 63 матч өткізді. 2023 жылы Даниямен кездесуде мергендігімен көзге түсіп, Ұлттық құрамадағы алғашқы голын соқты. Сол гол арқылы Пушкаш сыйлығына үміткер болды.
