TENBILDOP
Жаңалықтар

Алонсо Тренттің «Реалдың» негізгі құрамына неге енбей жүргенін түсіндірді

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо жарақатынан айыққан қорғаушы Трент Александер-Арнольдтың неге әлі негізгі құрамда ойнамай жүргенін түсіндірді.

Испания чемпионатының 12-турында «Райо Вальеканомен» өткен кездесуде (0:0) Тренттің орнына тағы да жартылай қорғаушы Федерико Вальверде алаңға шықты.

«Трент пе? Вальверде матч алдында өзін жақсы сезінді. Трентке жарақаттан кейін әлі біраз уақыт қажет. Сенемін, ол ұлттық құрамалар арасындағы үзіліс кезінде толық дайындық жүргізіп, жақсы формаға оралады», — деді Алонсоның сөзін «Реалдың» ресми сайты келтіреді.

Айта кетейік, Испания Ла Лигасының 13-турында мадридтік «Реал» сырт алаңда «Эльчемен» кездеседі. Ойын 23 қараша, жексенбі күні, ұлттық құрамалар арасындағы үзілістен кейін өтеді.

Тағы да оқыңыз