«Ливерпульмен» болған ойыннан кейін асаусары БАҚ өкілдеріне шағын сұқбат берді:
“Мен маусымда 57 гол соқтым, бірақ рекордтар туралы ойламаймын. Бұл ойыма келетін ең соңғы нәрсе. Ең бастысы — командаға жеңіске жетуге көмектесу. Сіз айтып тұрған Месси мен Роналдудың рекорды маған дым қызық емес. Футболшы өзінің жан рахаты үшін ойнау қажет” — деді шабуылшы.
Айта кетейік, норвегиялық шабуылшы кеше «Ливерпульдің» қақпа торын тулатып, осы маусымдағы 14-голын соқты.
