TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыТікелей эфир

Сәтпаев «Ақтөбені» жазалады!

 Қазақстан Премьер Лигасының 23-турындағы орталық матч Алатау бөктерінде өтті. Алматының “Орталық” стадионында бітіспес қарсыластар «Қайрат» пен «Ақтөбе» шеберлік байқасты деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі
Ойынның 13-минутында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков ақтөбелік легионер Уче Агбомен соқтығысып басынан ауыр жарақат алды. 18 жастағы Шерхан Қармұрза Анарбековті алмастырып, “ақ-қызылдар” жас қақпашыдан айласын асыра алмады. 52-минутта Еркін Тапалов жата жаста пас асырып, Дастан Сәтпаев Андрей Влад күзеткен қақпаның торын сетінетіп жіберді. 1:0 және Уразбахтин шәкірттері туринирлік кестеде көш бастады.

Тағы да оқыңыз