TENBILDOP
Ла Лига

«Реал Мадрид» шабуылшысын босатуды жөн көріп отыр

Корольдік ұжым жаңа маусым аясында бірқатар өзгерістер еңгізуге көшті. Алдымен кастильяның түлектерін және әлсіз деп саналған ойыншыларды жалға береді.

Ең қызығы бұл тізімде 18 жастағы бразилиялық шабуылшы Эндрик Фелипе де бар. Клуб басшылығы мен бапкерлік штаб Эндрикке сенім артып отырған жоқ. Сондай-ақ, Хаби Алонсоның жаңа маусымдағы тізімінде басқа бір шабуылшы болса керек. Сол үшін де футболшыны жалға беріп, жаңа трансфер жасауды ойға алған. Әдеттегідей корольдік ұжым трансферлік саясатын құпия ұстап отыр. Әзірге тек жас талант Эндриктың есімі ғана аталды.

Айта кетейік, Эндрик биылғы маусымда 22 ойынға қатысып, тек бір мәрте мергендік танытқан.

Тағы да оқыңыз