«Астана Аренада» жергілікті «Астана» мен семейлік «Елімай» тең түсті — деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Сырт алаңда өткен тартысты кездесуден кейін «Елімай» командасының бас бапкері Андрей Карпович матчқа қатысты пікір білдірді.
«Ойын нәтижелі болды. Бізде мүмкіндіктер өте көп болды. Бұл чемпионаттың ең қызықты әрі ауыр ойындарының бірі десем артық айтпаймын. Астанада бізді қолдауға келген семейлік жанкүйерлерге шексіз алғыс айтамын! Чемпионат соңына қарай бәсекелестік күшейіп келеді, жарақат алған ойыншылар да көбейді. Бүгін ғана ауыр жарақат алған Темірлан Анарбековке тез сауығып кетуін тілеймін.»
Сонымен қатар, бапкер команда алдындағы басты мақсатты да атап өтті:
«Біздің ең басты мақсатымыз — Еурокубокқа жолдама алу. Сол үшін бар күшімізді саламыз. «Балапанды күзде санайды» демекші, нағыз қызық енді басталды. Біз соңына дейін шайқасамыз. Кем дегенде үшінші орын үшін таласамыз! Артымызда тұтас өңір, облыс бар! ҚПЛ-де екінші жылымыз болса да, биік жетістіктерге жетіп келеміз!»
