«Бернабеуде» өткен Чемпиондар лигасының 1-тур ойындарында Александер-Арнольд жарақат алды. Медициналық тексеріс негізінде қорғаушы 1-2 айға қатардан шықты. Осылайша Трент Алматыда өтетін «Қайратқа» қарсы кездесуге келмейді деп хабарлайды Tenbildop.kz.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында «Реал Мадрид» өз алаңында «Марсельмен» жолықты. Ойынның 8-минутында қаптал қорғаушысы Александер-Арнольд ауырсынып, оны Дани Карвахаль алмастырды. «Марсельге» қарсы матчтан кейін англиялық қорғаушы сол аяғының бұлшық етін жарақаттап алғаны хабарланды. Қорғаушы осыған байланысты шамамен 6–8 аптаға қатардан шықты.

Чемпиондар лигасының 2-турындағы «Қайрат» – «Реал» кездесуі 30 қыркүйек күні өтеді.
