TENBILDOP
Әлем футболыБундеслигаЖаңалықтар

«Бавария» «Лейпцигті» тас-талқан етті

Бундеслиганың жаңа маусымындағы алғашқы турда «Бавария» өз алаңында «РБ Лейпцигті» 6:0 есебімен ойсырата жеңді. 

Ойынның басты кейіпкері Харри Кейн хет-трик авторы атанса, Майкл Олисе екі голмен көзге түсті. Ағылшын ұлттық құрамасының шабуылшысы матчтан кейін:

«Үйдегі алғашқы кездесуден бастап мықты белгі бергіміз келді. Біз жоғары деңгейде ойнадық әрі нәтижелі бола алдық. 6:0 — мінсіз нәтиже. Үзілісте есеп 3:0 болғанда, өзіме міндет қойып, гол соғуға бекіндім»,_ — деді Кейн.

Ойынның басынан-ақ алаң иелері қос өкпеден қысып, бес минут ішінде екі гол ұрды. 27-минутта Майкл Олисе өткір бұрыштан дәл соққы жасап, есеп ашты. Ал 32-минутта Луис Диас «неміс машинасы» сапындағы дебюттік матчында алғашқы голын соғып, есепті еселей түсті.

 

Тағы да оқыңыз