«Ливерпуль» 2023 жылдың көктемінен бері алғаш рет қатарынан үш матчта жеңілді деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Арне Слот шәкірттері АПЛ-дің 6-турында «Челсиге» 1:2 есебімен тізе бүкті. 18 жастағы Эстевао соққан голдың арқасында лондондықтар қосымша уақытта жеңісті жұлып алды.

Бұған дейін мерсисайдтықтар «Галатасарайға» 0:1 және «Кристал Пэласқа» 1:2 есебімен есе жіберген еді.
Соңғы рет «қызылдар» үш ойын қатарынан 2023 жылдың көктемінде жеңілген болатын.
Келесі ойын 19 қазан күні өтеді. «Ливерпуль» өз алаңында «Манчестер Юнайтедпен» шеберлік байқасады.
