TENBILDOP
АПЛЖаңалықтар

Доннарумма «Манчестер Сити» ойыншысы атануға жақын

Джанлуиджи Доннарумма «Псж»-дан кетті және Ағылшын Премьер Лигасында мансабын жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді.

Италиялық инсайдердің ақпараты бойынша «Манчестер Сити» 26 жастағы қақпашымен келісіп үлгерген, Джиджоны Пеп Гвардиоланың өзі аттай қалап алдыртпақшы.

Қазір «Манчестер Сити» мен «ПСЖ» арасындағы келіссөздер шарықтау шегіне жетті. Трансфер құны алғашқы баға €50 миллионнан азырақ болады деп күтілуде.

Алайда бұл ауысымға тікелей әсерін тигізетін фактор, осы жазда бірінші нөмірлі қақпашы Эдерсонның клубтан кетуі. Бразилиялық қақпашыға  «Галатасарай» қызығып отыр

Тағы да оқыңыз