TENBILDOP
А-СериясыАПЛКонференциялар Лигасы

«Арсенал» трансферлік бәйгеде «Тоттенхэмді» қапы қалдырды

«Зеңбірекшілер» Еберечи Езеге қатысты £67,5 млн-дық келісімге келіп, «Тоттенхэмнің жолын кесті. «Арсенал» Хаверцтің жарақатынан кейін «Кристал Пэласпен» байланысқа шығып, Езені «қораздардың» уысынан жұлып әкетті.

Бұл келісім Хаверцтің тізе жарақатынан кейін тездетілген. Неміс жарақатты жексенбі күні «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойында алды. Алғашқы диагноз ауыр емес делінгенмен, шабуылшының біраз уақытқа қатардан шығып қалу қаупі бар.

Дәл осы белгісіздік жағдайында Арсенал 27 жастағы Эзенің агенттерімен жаз бойы тұрақты байланыста болғаны айтылады. Бұған дейін «Тоттенхэм» трансферлік жарыста көш бастап, ойыншыны 68 млн фунт көлеміндегі сомамен алуға дайын отырған еді.

«Арсеналдың» спорт директоры Андреа Берта мен вице-төраға Тим Льюис сәрсенбі күні «Кристал Пэласпен» тікелей байланысқа шығып, «Тоттенхэмнің» жолын кесті.

Эзе бейсенбі күні Конференциялар Лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші ойында алаңға шығып, клуб жанкүйерлерімен қоштасуы мүмкін. Ол мамыр айында Англия Кубогының финалында жеңіс голын соққанын да айта кетейік. Медициналық тексерістен кейін Эзе Арсеналдың жаздағы жетінші толыққанды трансферіне айналады.

Осылайша «Арсенал» бұл жаздағы трансферлік терезеде 200 млн фунтқа жуық қаржы жұмсады және ол жабылғанға дейін бірнеше қосалқы ойыншымен қоштасуды көздеп отыр. Олардың ішінде Якуб Кивиор мен Александр Зинченкоға португалиялық «Порту» қызығушылық білдіруде, және Кивиорды Италия клубтары да бақылауда ұстап отыр. Поляк қорғаушысы өз мансабын А сериясында жалғастырғысы келеді.

 

Тағы да оқыңыз