«Бенфика» Португал лигасының 6-туры аясында «АВС»-дан басым түсті. Осылайша, 25 жылдан кейін лиссабондық клубқа оралған Жозе алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Жозе Сантуш Моуринью 2000 жылы «қырандардың» бас бапкері болған. Биылғы Чемпиондар лигасында әзірбайжандық «Қарабахтан» жеңілген португалиялық клуб бапкер ауыстыруға мәжбүр болды.
Сенсациялық жеңілістен кейін «Бенфика» президенті Руй Кошта бас бапкер Бруну Лажені отставкаға жіберген еді
