Сейсенбідегі Алматы қаласында болатын қарымта кездесу Шотландиялық ұжымның бірнеше тактикалық өзгерісіне алып келейін деп тұр. Әсіресе Брендан Роджерс мырза қорғанысқа бас қатыратын болады.
Уефа Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Селтик Паркте» өткен алғашқы кездесу алаң иелері үшін сәтсіз аяқталды. Басында мұрын шүйіріп қарағанымен, «Қайрат» қарымын әбден көрсетті. Тіпті алматылық ұжымның Глазгода жеңісті жұлып алып кететіндей қауқары болған еді. Ол кездесуде «Селтик» тек тең нәтиже үшін ғана емес, негізгі тас қамал қорғаушылары Алистер Джонстонның денсаулығына қатар алаңдады.
Аяғына тұра алмаған Канадалық қорғаушыны дәрігерлер зембілмен алып кетуге тура келді. Стадионнан тікелей ауруханаға тартқан «Селтиктың» медициналық штабы тағы бір мәселеге тап болды. Бірнеше тексерістен кейін Джонстонның сан бұлшықетін жарақаттап алғаны белгілі болды.
Дәрігерлердің айтуынша, Алистер Джонстон кемінде үш ай ем қабылдау қажет. Тіпті қажет болған жағдайда ота жасатуға да дайын болуы керек екенін ескертуде. Осылайша «Селтик» Алатаудың бөктерінде өтетін қарымта кездесуде Джонстонсыз өнер көрсетуге мәжбүр.
Айта кетейік, бұндай мәселе Рафаэль Уразбахтин шәкірттерінде де бар. Алғашқы кездесудегі сары қағазы үшін, «Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаев пен ауыр жарақат алған негізгі қақпашы Александр Заруцкий қарымта кездесуді өткізіп алуға мәжбүр.
Ойын 26 тамыз күні, сағат 21:45-те басталады. Бұл кездесуді Tenbildop телеграм арнасынан тікелей эфирде тегін тамашалай аласыздар.
