Еуропа, қарашы! Бұл — Голландияның баласы!
Жарқ еткен жаңа жұлдыз — Кис Смит. Бұл жігіттің есімін есте сақтап алыңыздар. Себебі қазірдің өзінде Еуропаның топ клубтары бұл нидерландылық ойыншыны бақылауға алып үлгерді. Жартылай қорғаушының ізіне мадридтік “Реал”, каталондық “Барселона”, лондондық “Челси” сынды бірқатар клубтар түскен, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
“Реал Мадридтің” бас бапкері Хаби Алонсо бәрінен бұрын әрекет етіп, клубтың бас скауты Жуни Калафатқа ойпатты ел — Голландияға шұғыл аттануын өтінген. Сапардың басты мақсаты — 19 жастағы «АЗ Алкмар» жартылай қорғаушысы Кис Смиттің ойынына баға беру.
Сыншылардың айтуынша, Смиттің бойында бразилиялық техника, тар кеңістіктен сытылып шығу шеберлігі, және допты кез келген позицияда қырағы ұстау қабілеті бар. Алаңдағы креатив, оң аяқпен де, сол аяқпен де бірдей жақсы ойнайды.
Қақпа маңында аса қауіпті және прессинг кезінде доп жоғалтпайды. Жылдам шабуылға да, қорғанысқа да қосыла алатын әмбебап ойыншы. Топ клубтар жылдам әрекет етпесе — бұндай саф алтыннан кімде болсын дәмелі.
Кис Смит — Нидерландының U-19 ұлттық құрамасы сапында 2025 жылғы Еуропа чемпионы атанды. Чемпионатта 4 гол соғып, Ламин Ямаль мен Нико Пас сынды жұлдыздарды шаң қаптырып, турнирдің үздік ойыншысы атағына ие болды.
