TENBILDOP
Әлем футболыӘлем ЧемпионатыЖаңалықтар

Криштиану Роналду мансабындағы голдар санын 942-ге жеткізді

Келеді ақырын жүріп, анық басып. Әлем футболының аңызы һәм планетамыздың ең танымал спортшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Португалия құрамасымен бірге Армения астанасы Ереванға келді, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

Вазген Саргсян атындағы стадионда өткен кездесуде Португалия құрамасы Арменияны 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Генри Авагян күзеткен қақпаға Роналду қос голды тулатып, өзінің мансабындағы голдар санын 942-ге жеткізді.

Бұл — Роналдудың Ереванға үшінші рет келуі. Ол алғаш рет 2007 жылы, кейін 2015 жылы келген болатын. Сол 2015 жылғы сапарында Роналду хет-трик авторы атанып, Португалия құрамасына жеңіс сыйлаған еді.

Тағы да оқыңыз