TENBILDOP
Әлем футболы

Бразилия құрамасы тарихында 23-ші рет әлем чемпионатына жолдама алды

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына ұлттық құраманы іріктеу кезеңінің екінші матчында-ақ алып шықты. Еске салайық, ол қызметке мамыр айының соңында тағайындалған болатын.

Оңтүстік Америкадағы (КОНМЕБОЛ) іріктеудің 16-турында Бразилия құрамасы Парагвайды 1:0 есебімен жеңді. Осы жеңістің арқасында бразилиялықтар 25 ұпай жинап, тарихта 23-ші рет әлем чемпионатына жолдама алды.

Анчелоттидың шәкірттері іріктеудің аяқталуына екі тур қалғанда турнир кестесінің екінші орнында тұр. Олар жетінші орындағы Венесуэладан 7 ұпайға алда келеді.

Анчелоттидің басшылығымен өткен алғашқы матчта Бразилия Эквадормен 0:0 есебімен тең ойнаған болатын.

Тағы да оқыңыз