Аргентиналық жартылай қорғаушы Анхель Ди Мария өзінің кәсіби мансабын бастаған «Росарио Сентраль» клубына қайта оралды. Бұл туралы аргентиналық клуб ресми түрде хабарлады.
Қазіргі таңда 37 жастағы футболшымен жасалған келісімшарттың егжей-тегжейі әзірге жарияланған жоқ.
Ди Мария «Росарио Сентраль» клубының түлегі. Ол 2007 жылы Еуропаға алғаш рет «Бенфикаға» 8 миллион еуроға ауысып, кейін «Реал Мадрид», «Манчестер Юнайтед», «Пари Сен-Жермен» және «Ювентус» секілді алпауыт клубтардың намысын қорғады.
