TENBILDOP
Әлем ЧемпионатыЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыҰлттық құрама

Қазақстан құрамасы маңызды ойын алдында екі ойыншыдан айырылды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев командадағы кадрлық мәселелер туралы пікір білдірді. Ертең ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Уэльс құрамасымен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

Қазақстан мен Уэльс құрамалары арасындағы кездесу 4 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

«Осы іріктеу кезеңінде ойыншыларды дайындауға атсалысқандардың барлығына алғыс айтамын. Біз клубтардың көп бөлігін аралап шықтық. Бүгін бапкерлік штабтың шешімі бойынша ең мықты ойыншыларды жинадық. Өкінішке қарай, жарақатсыз болмады, бірақ бұл қалыпты процесс. Тығыз ойын кестесіне байланысты Еркін Тапаловтан айырылып қалдық — ол шеміршек жарақатын алды. Ал Ислам Чесноковта бұлшық ет жарақаты бар, оның жағдайы бойынша шешімді ойын стратегиясына байланысты қабылдаймыз», — деді Әли Әлиев.

Айта кетейік, жақында ұлттық құраманың үздік сұрмергені Бақтер Зайнутдинов те жарақатқа байланысты құрамаға көмектесе алмайтыны хабарланған еді.

 

Тағы да оқыңыз