TENBILDOP
Әлем ЧемпионатыЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыТікелей эфирЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Черданцев: Қазақстандықтар әр ойыннан ляззат алуы керек!

«Матч ТВ» арнасының комментаторы Георгий Черданцев «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойынына пікір білдірді деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі

Алматылық «Қайрат» турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алғанымен, алғашқы екі турда «Спортингтен» (1:4) және «Реалдан» (0:5) жеңіліп қалды.

«Негізгі кезеңге өткендері — нағыз ерлік. Клубтың иесі футболды өте жақсы көреді. Команданы Чемпиондар лигасына шығарғаны — керемет жетістік. Қазақстандық әріптестерім маған негізгі кезеңдегі ойындардың алдында, әсіресе «Реалмен» матч алдында хабарласты: “Қайраттың қандай мүмкіндігі бар?” деп сұрады.

Жігіттер, қандай мүмкіндік дейсіздер? Шын айтып тұрсыздар ма?

Сіздер бұл сәтке қуанып, рахаттануларыңыз керек.

Сол жерде өз командаңызды көрудің өзі — үлкен мәртебе.

Мысалы, Черчесов әлем чемпионатына іріктеу басталмай тұрып құраманы басқарған кезде де маған хабарласып: “Әлем чемпионатына шығуға мүмкіндік бар ма?” деп сұрағандар болды.

Мен: “Мүмкіндік жоқ,” — деп жауап бердім. Шынымен бе? Қуаныңдар, ләззат алыңдар! Сендерге осындай мықты командалар келіп жатыр, оларды өз көзімен көрудің өзі — үлкен мүмкіндік», — деп мәлімдеді Георгий Черданцев.

Бүгін, Чемпиондар лигасының үшінші туры аясында «Қайрат» кипрлік «Пафосты» қабылдайды.

Тағы да оқыңыз