TENBILDOP
А-СериясыӘлем футболыБундеслигаЕуропа ЛигасыЖаңалықтарЖастар құрамасыЛа ЛигаТрансферЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Жалдамалы Борха Майораль

Мадридтік «Реалды» жұлдызды ойыншылармен көріп үйреніп алғанбыз. Ал сол «галактикос» қатарына кіре алмай қалған Борха Майораль деген ойыншы есіңізде ме? Tenbildop.kz сайты бұл дарынды шабуылшының мансабы туралы сыр шертеді.

Майораль Мадрид маңындағы Парла қалашығында дүниеге келген. Туған шаһарында футбол ойнай бастаған ойыншыны кейіннен «Кастильяға» шақыртады. Борха жасөспірімдер арасындағы турнирлерде 20 ойында 25–28 гол соғып, жасындай жарқырайды. Алайда үлкен футболда бұл шабуылшының жолы болмай-ақ қойды.

«Реалдың» дубльінде, «Вольфсбург», «Леванте», «Рома», «Хетафе» сынды клубтарда жалға ойнап, қор болып жүрді. Алайда Борханың статистикасы керемет еді. Жалға ойнаймын деместен, барған әр клубында кем дегенде 20 голдан соғып отырды. «Реал» үшін ойнаған 14 ойында 15 гол ұрды. Соған қарамастан «галактикостың» негізгі ойыншысына айнала алмады.

Тек 2022 жылы ғана «Хетафе» Борха Майоральды €10 млн-ға толықтай сатып алды.

Тағы да оқыңыз