TENBILDOP
А-СериясыАПЛЖаңалықтар

Де Брюйне мен Мактоминей «Наполиді» алға сүйреді

«Наполи» жаңа маусымды жарқын жеңіспен бастады. Италияның А сериясының алғашқы матчында «Сассуолоны» 2:0 есебімен жеңіп, маусымды сәтті бастады. Қос голды да Манчестер қаласының екі клубынан ауысып келген Кевин Де Брюйне мен Скотт Мактоминей соқты.

Мактоминей 17-минутта Политаноның дәл асырған пасын баспен түйіндеп, «адзуридің» осы маусымдағы алғашқы голын ұрса. 57-минутта Маттео Политано тағы да тамаша ассист жасап, Кевин Де Брюйне есепті еселеді. 79-минутта канадалық жартылай қорғаушы Исмаэль Коне алаңнан қуылып, «Сассуоло» он ойыншымен қалуға мәжбүр болды.

Туманды Альбионнан келген қос ойыншының тандемі туралы бас бапкер Антонио Конте:

«Мактоминейдің — физикалық мүмкіндігі күшті, ал Де Брюйне — техникалық тұрғыда теңдессіз ойыншы. Екеуінің үйлесімі команданың тепе-теңдігін тауып, ойынның бағытын өзгерте алады.»

Кевин — Неапольға осы жазда еркін агент есебінде келді. Ал Скот өткен маусымда “адзуримен” бірге скудеттоны жеңіп, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналып үлгерген.
«Наполи» биылғы маусымды сәтті бастады. Енді Конте шәкірттері чемпиондықты қорғауға ниетті.

 

Тағы да оқыңыз