TENBILDOP
ЖаңалықтарҚайратЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

«Олимпиакосқа» қарсы бір өзі тұрған Темірлан

УЕФА Чемпиондар лигасының әнұраны елордамызда қайта ойнады. Алматылық «Қайрат» еурокубоктегі 6-7 тур ойындарын «Астана-Арена» стадионында өткізетіндіктен, 6-турда пирейлік «Олимпиакосты» қабылдады.

Алғашқы тайм бір қалыпты, қос команда бір деңгейде шабуыл жасап, «Олимпиакостың» қос ойыншысы сары қағазбен шектелді. Екінші таймда ара-арасында шабуыл болғанымен атап айтарлықтай сәттер болмады. 46-минутта алматылықтар екі ойыншысын бірден алмастырды. Алғашқы минуттардан бастап негізгі құрамда шыққан Рикардиньоның орнына Жоржиньо шықса, Георгий Зарияның алаңдағы орнын Валерий Громыкоға тапсырды. Ойынның бір сағаты өткеннен кейін «Қайрат» қорғанысына сыр берді. 62 минутта Еркін Тапалов алаңнан кеткеннен кейін, қорғаныстан айласын асыра алған Желсон Мартинш есепті ашты. Ойын соңына қарай есепті теңестіру үшін Уразбахтин Олжас Байбек пен Эдмилсонды демалысқа жіберіп, Дамир Қасабулат пен Юг Станоев көмекке келгенімен, грекиялық қарсыластарымыз есепті өзгеріссіз қалдырды.

Осылайша, қорытынды есеп 0:1. «Қайрат» турнирлік кестеде 34-орынға төмен түсті. Кездесудің үздік ойыншысы 8 рет сейв жасап, ірі есептен құтқаруға себепші болған Темірлан Анарбеков.

Тағы да оқыңыз