TENBILDOP
Жаңалықтар

Бельгияға қарсы сенсациялық матчтан кейін Қазақстан құрамасының футболшыларының бағалары белгілі болды

Sofascore порталы Қазақстан құрамасы футболшыларының 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында өткен Бельгияға қарсы (1:1) өз алаңындағы матчтағы ойынын бағалады, деп хабарлайды tenbildop.kz.

Казахстан құрамасы ойын барысында бір ойыншымен кем қалса да, табандылық танытып, 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде сенсация жасады.

Команда құрамында ең жоғары бағаны қақпашы Темірлан Анарбеков алды. Ол сегіз сейв жасап, шешуші сәттерде қақпасын аман сақтап қалды. Оның ойыны 8,4 баллға бағаланды.

Ең төмен баға жартылай қорғаушы Ислам Чесноковқа берілді — 5,6 балл. Ол 79-минутта қызыл қағаз алып, команданы қиын жағдайға қалдырды. Қазақстан құрамасының жалғыз голының авторы Дастан Сатпаев6,9 балл, ал жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек7,0 балл алды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчта Қазақстан құрамасы топ көшбасшысы Бельгиямен 1:1 есебімен сенсациялық тең ойнап, қарсыластың мундиальге тікелей жолдама алуына мүмкіндік бермеді.

 

Тағы да оқыңыз