Бірақ бапкердің өз жоспары бар.
Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстанға қарсы өтетін матчта командасын бапкерлер орындығынан емес, трибунадан басқарады, деп хабарлайды tenbildop.kz.
Гарсия Уэльспен өткен кездесуде екінші сары қағазын алып, енді матч барысында алаң жанына шығуға құқығы жоқ.
Астанада өтетін ойын кезінде бас бапкердің міндетін оның көмекшісі Клод Фишо атқарады.
— Біз бапкерлер құрамымен жұмыс жоспарын ұйымдастырып қойдық. УЕФА ережелеріне сай, не істей алатынымды, неге тыйым салынатынын анықтаймыз. Уайымдамаңыздар, ойыншылар барлық қажетті нұсқауларды алады және біз бар күшімізді саламыз. Бәлкім, жұма күнгі баспасөз мәслихатына қатыспайтын шығармын, бірақ бұл да жаман емес — аздап демалып аламын. Сөзді Клоду Фишоға беремін, — деді Гарсия әзіл аралас түрде.
Қазақстан — Бельгия матчы 15 қараша күні Астанада өтеді.
Еске салайық, қыркүйекте Брюссельде өткен алғашқы ойында Бельгия құрамасы Қазақстанды 6:0 есебімен ірі есеппен ұтқан болатын.
