Әлем футболының ең ұлы тұлғаларының бірі, бұрынғы француз жартылай қорғаушысы әрі бапкер Зинедин Зидан жаңа команда тізгінін ұстауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды tenbildop.kz.
Белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романоның мәліметінше, әйгілі француз экс-футболшы және бапкер Зидан жақын уақытта қайтадан жаттықтырушылыққа оралмақ. Қай клубты таңдайтыны әзірге белгісіз, алайда Романоның айтуынша, бәрі «өте жақын уақытта» белгілі болмақ.
«Бұл жақында, өте жақында болады», — деп келтіреді Зиданның сөзін Фабрицио Романо.
Айта кетсек, Зидан 2018 жылы «Реалдан» Чемпиондар лигасындағы үшінші жеңісінен кейін кеткен еді. Алайда 2019 жылдың наурызында клубқа қиын кезеңде көмекке қайта оралып, екінші мәрте Испания чемпиондығын (2019/20) жеңіп алды. 2021 жылы Зидан мадридтік клубтың бас бапкері қызметінен түпкілікті кетті.
