TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыТікелей эфирЭксклюзив

Николай Костов: Біз психологиялық тұрғыда дайын болмадық!

«Ақтөбе» бас бапкері Николай Костов «Астанамен» болған ойыннан кейін (5:3) Tenbildop.kz сайтына сұқбат берді

Николай Костов:
Алдымен барлық жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз. Егер де ойыннан кейін анализ жасайтын болсақ, екінші голдан кейін бәрі өзгерді. Бұл гол психологиялық тұрғыда жігіттердің сынуына себеп болды.

Қақпашы ауыстыру? Иә, қақпашы Андрей Влад жүйе бойынша қимылдамай, қателіктер жасады. Сондықтан голкиперді ауыстыруға мәжбүр болдық. Үзіліс кезіндегі киім ауыстыратын бөлмедегі атмосфераны айта алмаймыз. Бүгін “Астана” барлық жағынан жақсы болды. Елордалықтарды құттықтаймын. Біз бүгін өте жақсы, ашық футбол көрсеттік.

Айта кетейік, «ақ-қызылдар» келесі ойынын Ордабасыға қарсы өз алаңында өткізеді.

Тағы да оқыңыз