TENBILDOP
ЖаңалықтарЛа ЛигаТікелей эфир

«Реал» көш басына шықты

Испан Ла Лигасының 8-туры аясында мадридтік «Реал» өз алаңында «Вильярреалдан» басым түсіп, турнир кестесінде көш бастады, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.

Кездесу «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті. Гильермо Куадра Фернандес қазылық еткен ойында алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.

47-минутта қыркүйек айының үздік ойыншысы Килиан Мбаппе әріптесі Винисиус Жуниорға пас асырып, бразилиялық вингер есеп ашып кетті. 69-минутта Вини пенальтиден гол соғып, дубль авторы атанды.

73-минутта «Вильярреалдың» грузиялық шабуылшысы Жорж Микаутадзе бір голмен жауап қайтарса, сәлден кейін команда қорғаушысы Сантьяго Моуриньо қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Артынша Браим Диастың нәтижелі пасынан кейін Мбаппе есепті 3:1-ге жеткізді. Алайда екі минуттан кейін шабуылшы жарақат алып, Родригомен ауысты. Француз қанша аптаға қатардан шыққаны әзірге белгісіз.

Өз алаңында 3 ұпайға ие болған «галактикос» Ла Лига кестесінде «Барселонаны» екі ұпайға басып озып, 21 ұпаймен көш басына шықты. Ал 8 ойында 16 ұпай жинаған «Вильярреал» турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.

Тағы да оқыңыз