Килиан Мбаппе өткен айда көк масатыда ерекше жарқырады. Франция ұлттық құрамасы мен «Реал Мадрид» сапындағы барлық кездесуде гол соққан шабуылшы қыркүйек айының үздік ойыншысы болып танылды, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Мбаппе гол соққан матчтар тізімі:
05.09 — Украина – Франция
09.09 — Франция – Исландия
13.09 — «Реал Сосьедад»
17.09 — «Марсель» (дубль)
20.09 — «Эспаньол»
24.09 — «Леванте» (дубль)
27.09 — «Атлетико»
30.09 — «Қайрат» (хет-трик)
Франциялық жұлдыз бір ай ішінде барлығы 12 гол соғып, шабуыл шебіндегі тұрақты ойынымен жанкүйерлер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.
.
