TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыҰлттық құрамаЭксклюзив

Асхат Тағыберген покер рәсімдеді!

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны Асхат Тағыберген төртінші мәрте әке атанды деп хабарлайды Tenbildop.kz

«Тобыл» капитанының жұбайы — Махаббат Тағыберген әлеуметтік желідегі парақшасында төртінші рет перзент сүйгенін мәлімдеді. Асхат екінші ұлына Қайсар деген есім беріпті. Көпшілік бұл есімді өзінің туған клубының құрметіне қойған болар деп топшылауда.

Асхат пен Махаббаттың Томирис, Ұлан, Айла есімді балалары бар. Осылайша Тағыбергеннің футбол командасы кебейіп келеді. Батырдың бауы берік болсын!

Айта кетейік, 4 қазан күні Асхат Тағыберген Қызылорда қаласындағы «Қайсар Аренада» ел кубогының финалында экс-клубы «Ордабасыға» қарсы ойнайды.

Тағы да оқыңыз