«UEFA Champions League» ресми Instagram-парақшасы «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның кешегі өткен «Қайрат» — «Реал» матчында жасаған керемет сейвтерінің бірін жалпы кезеңдегі ең үздік сейвтердің қатарына енгізді, деп хабарлайды Tenbildop.kz сайты.
18-жасар Шерханнан бөлек тізімге Угурджан Чакыр («Галатасарай»), Роберт Санчес («Челси») және Витезслав Ярош («Аякс») қосылды.
Естеріңізге сала кетсек, алматылық «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдап, өкінішке қарай, 0:5 есебімен жеңіліске ұшырады. Ал, Шерхан Қалмұрза кездесудің нәтижесі бойынша ең төмен рейтингке ие болған футболшылардың бірі атанды.
