УЕФА Жастар Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайрат» U-19 жастары «Реал Мадрид» U-19 командасына 1:4 есебімен жеңілді деп хабарлайды Tenbildop.kz
Алғашқы турда алматылық жастар Португалияның «Спортинг» U-19 ұжымымен кездесіп, 3:2 есебімен есе жіберген еді. Дәл осындай есеппен «Реал Мадридтің» жастары «Олимпик Марсель» U-19 жігіттерін жеңді.
Жұлдызды ағаларымен еріп келген жастар ойынды қарқынды бастады. Мадридтік жігіттер жедел шабуылдап 8-минутта оң қаптал вингері Данил Янездің пасын өткір шабуыл шебінде ойнаған Барросо Партерс түйіндеп, матч есебін ашты.
Араға он минут салып, корольдік жастар қайта шабуылды үдетті. «Қайрат» жастарын қаптал арқылы алдаған мадриттіктер сапынан Виктор Валдепенас төменгі бұрыштан саңлау тапты.
«Қайрат» қарқынды шабуылмен жауап қайтарып, 23- миунтта сол қаптал вингері Рамазан Бағдатқа қарсы өрескел тәртіп бұзылды. Түркиялық бас төреші Кучук «Реал» жастарының қақпасына пенальти белгіледі. Өкінішке орай «Спортинг» қақпасын қос мәрте тулатқан команда капитаны Данияр Тұяқбаев 11 метрлікте мүмкіндігін мүлт жіберді.
Физикалық басымдыққа ие болған испандар «Қайрат» қақпасын торуылдап жүріп үшінші голды соғып кетті. Қақпа алдындағы текетірестен кейін алматылықтардың қақпашысы Данил Буч сейв жасай алсада, теңбіл допқа бірінші болып жеткен Роберто Мартин есепті еселеді. 0:3.
Екінші таймда Арутюнян шәкірттері сауатты ойнап «Реал» қақпасына гол соқты. «Сары-қаралардың» қаптал қорғаушысы Данияр Тасбулатовтың сұңғыл пасынан кейін Исмаил Бекболат мадриттіктер қақпасын тулатты. 1:3
74-минутта «Қайраттың» айып алаңына емін-еркін кірген мадридттіктер пас алмасып жүріп төртінші доптарын соқты. Қосалқы құрамнан шыққан Конде Ортега төменгі бұрышты нысанаға алды.
Ойынның соңғы секундтарында «Қайрат» қақпасына пенальти белгіленіп, алматылық қақпашы Данил Буч ағаларының жолын жалғап, пенальтиді қайтара білді
Осылайша тарихи ойынның алдында «Қайраттың» жастары қонақтарға тізе бүкті. Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында өтетін «Қайрат» — «Реал Мадрид» матчы бүгін 21:45 те Алматының «Орталық» стадионында өтеді.
Чемпиондар лигасының
