Премьер-лиганың соңғы турлары кескілескен майданнан кем болмайды. Семейлік клуб турнир кестесінде 5-орында тұрса да, Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алуға мүмкіндігі бар деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі.
Барлық мәселе командалардың күнтізбесінде болып тұр. «Елімай» еурокубоктағы тағдырын «Ордабасы» мен «Тобылға» тапсырды. Биыл «Астана» мен «Қайраттың» бірі чемпион болатыны даусыз. 26-турға дейін ұпай айырмасы арқылы шешілмесе, соңғы турда қос ұжым Алматының «Орталық» стадионында чемпионды анықтайды.

Ал үшінші орынды қостанайлық «Тобыл» иеленді деп нақты айтсақ болады, және Жұмасқалиев шәкірттері еурокубок ойындарына өз жолдамасын алып қойды. 4-қазан күні Қызылорда қаласында ашылған су жаңа «Қайсар-Арена» стадионында Кубоктың финалы өтеді. «Елімай» үшін бұл ойын аса маңызды: егер шымкенттік ұжым солтүстік қазақстандықтардан басым түссе, абайлықтар еурокубоктан қағылып қалады.
Басты мәселе — «Ақтөбе»
«Ақ-қызылдардың» қарсыластары азулы. «Ақтөбе» маусымдағы соңғы ойындарын: «Қызылжар», «Астана» және тағы сол «Ордабасыға» қарсы өткізеді. Николай Костов шәкірттері де сәл шалыс басса, шетелге шыға алмай қалады. Әр ұпай ауадай қажет болған «Астананы» елордада жеңе алмайтыны белгілі. Соңғы турда «Қобыландыда» өтетін «Ордаға» қарсы ойында шекіспей-бекіспей өтеді деп айта алмаймыз. Сөссіз «Ақтөбе» алдағы ойындарда ұпай жоғалтады. Өткен турда «Ұлытауға» жеңілгені — соның дәлелі.

«Елімайдың» жолы жеңіл
Карпович шәкірттері «Ордабасыны» өз алаңында қыбалдайды. Елорда да «Астанамен» иық теңестіре ойнап, Семейде Андрей Мартиннің ұжымынан жеңіліп қалу ақылға қонбайды.
«Тұранды» сырт алаңда қиындықсыз жеңеді. Соңғы турда еурокубокқа деген мотивациямен жігерленген семейліктер үшін «Атырауда» азулы қарсылас емес.
«Елімай» үшін ең бастысы — «Тобыл» Қазақстан кубогының финалында «Ордабасыны» жеңуі. Себебі «комбайншылар» кубоктың жолдамасымен Конференциялар лигасына шықса, үшінші жолдама Андрей Карпович шәкірттеріне бұйырады. Сондай-ақ бұл кубоктың финалы Премьер-лигада маусымды сәтсіз өткізген шымкенттік ұжым үшін де соңғы мүмкіндік.
