TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыЛа ЛигаЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

«Реалға» қарсы «Қайрат» қақпасын Шерхан Қалмұрза қорғайды

Алматылық ұжым жаңадан қақпашы алмайтын болды. «Реал Мадридпен» болатын кездесуде қақпаны Шерхан Қалмұрза қорғайды, деп хабарлайды Tenbildop.kz тілшісі

«Селтикпен» Глазгода болған ойында Александр Заруцкий, ал «Ақтөбеге» қарсы Темірлан Анарбеков жарақат алып, «Спортингке» қарсы қақпамызды Шерхан қорғаған еді.

Бапкерлік құрам ақылдаса келе, Заруцкий мен Анарбеков оралғанша жаңа қақпашы қажет емес, 18 жастағы Қалмұрзаға сенім артамыз деп, қақпашы мәселесіне нүкте қойды.

Бұған дейін «Қайраттың» қос қақпашысы толыққанды емделгенше, тәжірибелі бағана қорғаушыны  маусым соңына дейін жалға алу туралы ойланған еді.

 

Тағы да оқыңыз