TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыЛа ЛигаЧемпиондар ЛигасыЭксклюзив

Солд-аут «Қайрат» – «Реал»

«Қайрат» – «Реал» матчының барлық билеті сатылып кетті деп хабарлайды Tenbildop.kz.

Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайрат» өз алаңында «Реалды» қабылдайды. Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін ойында ине шаншар орын болмайын деп тұр. Матчтың барлық билеті түгел сатылып кетті. Жанкүйерлер бағасы 30 000 – 250 000 теңгені құраған билеттерді айналдырған 37 минуттың ішінде толық сатып алды.

Тарихи ойын 30 қыркүйек күні, сағат 21:45-ке жоспарланған. Айта кетейік, бірінші турда «Спортингке» (1:4) есе жіберген «сары-қаралар» турнир кестесінде 34-орында келеді. Ал «Марсельді» (2:1) жеңген мадридтіктер 13-сатыға жайғасты.

Тағы да оқыңыз