TENBILDOP
ЖаңалықтарҚазақстан Премьер ЛигасыЧемпиондар Лигасы

«Астананың» жағдайы қиын…

«Қайрат» пен «Астана» чемпиондықты сарапқа салады. Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 8-тур ойындары аясында алматылықтар «сар-қаралар» дербиінде «Жеңістен» басым түсті (1:3). Осылайша Уразбахтин шәкірттері турнирлік кестедегі 52 ұпаймен суырылып алға озды, деп хабарлайды Tenbildop.kz.

Барлығы тайға таңба басқандай анық болды. Биыл «Астана» мен «Қайрат» чемпиондықты сарапқа салады. Бір қызығы, маусымның соңғы — 26-турында қос команда “Орталықта” жолығады. Бұл — осы жылдың басты кездесуі болмақ! Себебі «Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы ойыннан кейін, өз алаңында «Жетісу», ал сырт алаңда «Қызылжармен» жолығады. Екеуінен 6 ұпай алып алса, соңғы турда «Астана» да қорқынышты емес.

Ал елордалықтардың жағдайы тым қиын. «Оқжетпес» Бабаян шәкірттеріне 3 ұпай дайындап отырғаны белгілі. Бірақ мәселенің барлығы «Ақтөбеге» келіп тіреліп тұр. “Ақ-қызылдар” Астанада ұтылып қалса да, елордалық клуб «Қайратқа» қарсы барын салуы керек. Себебі Уразбахтин шәкірттеріне тең ойынның өзі жеткілікті.

Қазақстандық клубтардың сүйегіне зор таңба — «Қайрат» екі жақта жүріп жетістікке жетіп жатыр. Ротациясыз, үшінші қақпашымен ойнап, минималды гол соқса да, алматылықтар чемпиондыққа жақын.

Тағы да оқыңыз